10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз 560 ұпай жинады. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста Әсем Орынбай және Эдуард Ещенко жұбы үшінші алтынды иеленді.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ,
Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика), Әділбек Мусин (жүзу) де қола жүлдегер атанды.
Азия ойындарында Шымкент қаласының спортшысы Смайыл Дүйсебай аса ауыр салмақта (+80 келі) қола жүлде жеңіп алды. С.Дүйсебай Бутан, Пәкістан спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Жартылай финалда Қытай спортшысынан жеңіліп, үшінші орынға иелік етті. Тағы бір отандасымыз Жансель Дениз 67 келіден жоғары салмақта қола жүлдегер атанды. Отандастарымыздың алдағы сайыстарыгна сәттілік тілейміз.
Әзірге жалпыкомандлық есепте Қытай спортшылары алда келеді. Екінші орында Оңтүстік Корея, үшінші орынға Жапония спортшылары жайғасқан.