Версия для печати

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Пятница, 05 Май 2017 05:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5325 раз
Оцените материал
(0 голосов)

mereke

 

Құрметті шымкенттіктер!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бір-біріне ұласқан осынау қасиетті де қастерлі мерекелер қарсаңында Сіздердің қайсарлықтарыңызға, жанкешті ерліктеріңізге құрмет көрсете отырып, ыстық ықыласпен алғыс айтамыз!

Жеңіс жалауының желбіреген күніне 72 жыл толып тарих қойнауына өшпес ерлікпен еніп барады. Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. 

Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау мерекенің жемісі.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс – бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Біздің парызымыз – бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. 

Жеңіс күні қарсаңында Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік мерекесі – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз. Биыл ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бұл күні – Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. 

Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды. Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні.

25 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде.

Бүгінгідей айтулы мерекеде барлық бастаған бастамалар оң жемісін беріп, еліміздің көркейуіне аянбай еңбек еткен азаматтарымыздың еңселері биік, мерейлері үстем болсын! 

Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елінің көк байрағы мәңгі бейбітшілік аспанында желбірей бергей!

Баршаңызға – дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.