Шымкент қаласының қос ауданында жаңа прокурор тағайындалды. Қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен актив жиынында облыс прокурының бірінші орынбасары Хали Маматаев Абай ауданы мен Әл-Фараби аудандарына тағайындалған прокурорларды таныстырды.
Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне Сұлтан Шатемірұлы Орманов тағайындалды. Ол 1966 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ал Абай ауданының прокуроры болып, Жомарт Нұрғалыұлы Нұрғали тағайындалды. Ол 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Облыс прокурорының бірінші орынбасары Хали Рысқұлбекұлы қос азаматтың да іскерлік, кәсіби және адами қасиеттеріне жекелей тоқталды. Прокуратура саласында ұзақ жылдар бойы еңбек өтілдерінің барын ескеріп, бұл лауазымды жоғары деңгейде атқаруға толық негіз барын атап өтті. Және алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Абай және Әл-Фараби аудандарының прокуроры міндеттерін атқарған азаматтар қызметтік мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.