Бала - мемлекеттің болашағы, басты байлығы

Пятница, 24 Февраль 2023 09:26 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1452 раз

jazykbaevaӘрбір елдің болашағы – оның өскелең ұрпағы. Елімізде ана мен баланың және әрбір отбасының бақытты өмір сүруіне бағытталған жаңа бағдарламалар білім, денсаулық сақтау салаларында тиімді іске асырылып келеді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен «2022 жыл — Балалар жылы» болып белгіленіп, былтыр елімізде ауқымды жобалар қолға алынды. Дегенмен, қазіргідей нарық қыспаққа алған кезеңде елімізде көптеген отбасы қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Әлеуметтік жағдайдың төмендігінен пайда болған ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік психологиялық күйзеліске әкеліп, бұл жағдай балалардың болашағына да әсерін тігізіп келеді. Осы тұста мемлекеттік бағдарламалар арқылы отбасы мүшелерінің қаржылық сауатын арттырып, ұдайы жетілдіріп отыру алгоритмін қарастыруды ұсынамын.

Қазақта «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген мақал бар. Яғни, біз еліміздің кемел келешегі үшін отбасы институтын нығайтуға күш салуымыз қажет. Әуелі, ата-ана қаржылық сауатын арттырса, сол отбасынан шыққан әр бала келешекте табысын дұрыс бағытқа жұмсауды үйренері анық. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының да қаржылық сауатын арттырып, жетілдіріп отырудың маңызы зор. Бүгінгі бала ертең ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанда жеке есеп шотына Ұлттық қордан түсетін қаражатты да тиімді жұмсауды білуі тиіс. Яғни, оны болашағына іргетас болатын білімге, баспана алуға жұмсау сынды дұрыс мақсат қоя білуі керек. Ал, ол үшін жүйелі, әрі оңай тәсілмен түсіндіретін ақпараттық-насихаттық бағдарламалар әзірленуі тиіс. Сонда ғана халық өз қаржысын басқаруды үйреніп, әлеуметтік мәселелер азаяды, ынтымағы артады. Отбасының ынтымағы артып, балаға берілген жылулық пен мейірім оның рухани дамуына жол ашып, өскелең ұрпақтың іргетасын нығайтады.

Әрбір қазақстандық Жаңа Қазақстаннан оң өзгеріс күтеді. Қауіпсіз өңірде өмір сүріп, әлеуметтік ахуалының жақсарғанын, экономиканың тұрақты дамығанын қалайды. Ал, ол мақсатқа жету үшін еліміздің әр азаматы білімі мен тәжірибесін сарп етіп, атсалысқаны абзал.

Ж.ЖАЗЫҚБАЕВА,
Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.