Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова аудан жастарымен кездесті. Абай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада жастар ашық сұхбат құрды.
Билік пен белсенді жастар арасында тығыз байланыс орната отырып, емін-еркін пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Гүлнұр Нұрбекқызы өзінің қызметі мен атқарып жүрген жұмысының маңызына тоқталып, жастар саясатын жүзеге асырудағы жоспарымен бөлісті.
— Елдігіміздің еңселі, болашағымыздың баянды болуы – сіздердің қолдарыңызда! Сондықтан, сіздерді халыққа, қоғамға қызмет етуге, қай салада да Отанымыздың абыройын арттыруға үлес қосуға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық, оқуда озат және еңбекте табысты болуды тілеймін! – деді аудан әкімінің орынбасары Г.Асылбекова.
Жиын барысында белсенді жастар өнерін паш етіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.