ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА Избранное

Среда, 09 Октябрь 2024 05:38 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 583 раз

Ұстаз ұғымы адамзат үшін қашан да қасиетті, қадірлі. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздердің мәнісі «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

tashenoV

 

Ж.Тәшенев университеті ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді. Жиынға Ж.Тәшенев университеті АҚ басқарма басшысы- Оңалбай Аяшұлы мен университет ректоры Қанат Байболов қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында еңбегін аямаған мұғалімдерді мерекесімен құттықтады.
-Ұстаз бұл өте қасиетті әрі биік мамандық десек артық емес. Президентіміз ұстаз дәрежесін көтеру үшін педагогтардың мәртебесі туралы арнайы заң қабылдады. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі - мұғалімнің қолында. Сіздердің бүгінгі атқарып жүрген еңбектеріңіз әрқашан да елеулі. Мұнда еліміздің болашағы саналатын патриот, ізденімпаз, мейірімді жастардың қалыптасуына қосқан үлестеріңіз өте маңызды, - деді Оңалбай Аяшұлы.
Құттықтау одан әрі марапатқа жалғасты. Бірқатар ұстаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Айгерім Әбдіоқапқызының да алғыс хаттары ұстаздарға табысталды.
Мереке шәкірттердің концерттік бағдарламасына ұласты.

С.Жамалдинова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.