«ҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҒҰМЫР»: ЖАЗУШЫ ЗАХАРДИН ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ – 75 ЖАСТА Избранное

Среда, 01 Ноябрь 2023 03:41 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2126 раз

Шымкентте «Republic Day» іс-шарасы аясында жазушы, драматург, Қазақстанның құрметті журналисі Захардин Қыстаубайұлының 75 жасқа толған мерейтойы аталып өтті. «Қалам ұшындағы ғұмыр» деп аталған кешке белгілі журналистер, жазушылар, ақындар қатысып, З.Қыстаубайұлының өнегелі өмірі мен елге сіңірген қызметі жайында ой толғады.

701

 

—Қазақта «әдемі қартаю» деген сөз бар. Сол сөз қадірлі дос, үлгілі жазушы Захардин Қыстаубайұлына арналғандай. Ол өзінің көркем мінезімен, салиқалы сөзімен халықтың жүрегінен орын алған, шығармаларында өзекті ой, қоғамдағы қажетті тақырыптарды қозғай білген жазушы. Сондықтан да бүгінгі кеште жазушының шығармалары студенттерге кеңінен насихатталсын деп жастарды шақырдық, — деді жазушы Момбек Әбдәкімұлы.
Кеште Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері З.Қыстаубайұлының шығармаларынан үзінді оқып, өз пікірлерін ортаға салды. Әуезді ән мен күмбірлеген күймен өрілген мерейлі мерейтойда З. Қыстаубайұлы шығармашылықтағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.