Референдум – болашаққа жасалған нық қадам Избранное

Среда, 25 Май 2022 04:39 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2250 раз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз еліміздің келешегі үшін қоғамның талаптарын ескере отырып, саяси реформаларды іске асыруды басты назарға алды. Осы арқылы мемлекетіміздің басты құжатына енгізілетін өзгерістер демократияны одан әрі дамытып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше мән беріледі.

607

 

Қолданыстағы 1995 жылы жылпыхалықтық референдуммен қабылданған Конституциямыз 98 баптан тұратын болса, ал алдағы уақытта өтетін референдум барысында 31 бапқа түзетулер енгізіліп, 2 жаңа баппен толықтырылады. Бұл Конституцияның үштен бірі өзгеріп, Ата Заңымыз жаңа сипатқа ие болады.
Осыған орай, мемлекетіміздегі Конституциялық реформалардың ішінде ең негізгілерінің бірі парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі өкілді билік тармағына сенім күшейеді. Атап айтатын болсам, Президент Конституциялық Соттың және Жоғарғы сот Кеңесінің төрағаларын тағайындау үшін Сенаттың келісімін алады. Сондай-ақ Президент Сенатқа 15 емес, 10 депутат тағайындайды. Оның 5-еуі Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасы Сенатқа беріледі. Оның саны 9-дан 5 депутатқа қысқарады. Соған сәйкес, Мәжіліс депутаттарының жалпы саны 107-ден 98-ге азайып, сапалы жұмыстар талап етілетін болады. Ал, Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесімен, яғни пропорционалды және мажоритарлы жүйе бойынша сайланады. Бұл аралас сайлау жүйесі барлық азаматтардың құқықтарын толық сақтауға, сайлаушылардың мүддесін қорғауға тиімді мүмкіндіктер береді.
Сайлаушылардың бір мандатты сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарынан мандатты кері қайтарып алу құқығы енгізіледі. Бұл өз кезегінде сайлаушылардың саяси белсенділігін қалыптастырып, халық қалаулыларының жауапкершілігін күшейтеді. Халық алдындағы берген уәдесін толық орындауды қажет етеді. Мәжілістің құзыреті кеңейіп, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылау күшейеді. Ол үшін, бұған дейін айтқанымыздай, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылады. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп береді. Бұл Мәжілістің және жалпы Парламенттің мәртебесін одан әрі күшейте түседі.
Саяси жүйеде тепе-теңдік және тежемелік тетіктерді нығайту және заң шығару жұмысын оңтайландыру мақсатында Мәжіліске заңдарды қабылдау, ал Сенатқа заңдарды мақұлдау не мақұлдамау құзыреті беріледі.
Парламент конституциялық заңдарды Палаталардың бірлескен отырысында, кемінде екі оқылымда қабылдайтын болады. Сонда сапалы әрі қоғамның игілігі үшін жұмыс жасайтын нақты заңдар қабылданып, тиімді заңдар халық үшін іске асырылады.
Сонымен, Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып отырған саяси реформалар елдің игілігі үшін жасалынуда. Демократияның дамуы мен өркендеуіне негіз болатыны анық. Өз заманында АҚШ Президенті А.Линкольннің пайымдауынша, демократия – халық үшін, халық сайлаған, халық билігі үшін деп түсіндіріледі. Сондықтан халықтың лайықты әрі демократиялық тұрғыда өмір сүруі үшін ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтуда конституциялық өзгерістер орын алды. Әр азамат өзінің саяси құқығын пайдаланып, 5 маусым күні болатын жалпыхалықтық референдумға қатысуы керек. Әр азаматтың дауысы – елдің келешегі үшін маңызды! Барлық азаматтарды референдумға қатысуға шақырамын! Болашақты жасау – өз қолымызда! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Бірлігіміз бен татулығымыз арта берсін!

Жадыра Таңатарова,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары,
республикалық штаб мүшесі

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы қаражатынан төленді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.