МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫМЕН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ Избранное

Среда, 29 Май 2024 05:48 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 1327 раз

Дизайнер Жаннұр Лесбекова қыз-келіншектерге тігін тігудің қыр-сырын үйретуде. Күнделікті сұранысқа ие төсек жабдықтары мен перделердің сан түрлі үлгілерін тігуді меңгерген Жаннұр жұмыспен қамту шаралары аясында арнайы курстардан өтіп, былтыр қайтарымсыз грант қаржысы арқылы шағын кәсібін үлкен оқу орталығына айналдырды.

KaiGRANT

 

Жаннұр Лесбекова 20 жыл бойы Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледжінде оқытушы болып қызмет еткен. Елімізде алғаш рет қайтарымсыз грант беріліп жатқанда таныстары оған тігін тігуді үйретуін сұрап, сол арқылы бизнес-жоба қорғауға ниетті екенін айтқан. Жаңа бастаманы ол декреттік демалыста қолға алған.
– Сол кездегі шәкірттерім тігін бойынша грантқа өтініш беріп, комиссияда жобасын қорғады. Бүгінде өз кәсіптерін ашып, көлемді тапсырыстар алып отыр. Уақыт өте келе тігіншілікке бет бұрған қыз-келіншектердің саны артты. Аядай ғимарат тарлық етіп, тігін құрылғылары да жеткіліксіз болды. Мен де бизнес-жобамды ұсынып, көп балалы ана ретінде қайтарымсыз грантқа өтініш бердім. Комиссия бизнес-жобамды бірден мақұлдады. Қаражатқа өндіріске арналған автоматтандырылған тігін машиналары мен құрылғыларды, манекендер сатып алып, үлкен оқу орталығына айналдық, – дейді шебер.
Бүгінде кеңейтілген оқу орталығында келісімшарт негізінде М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің «Дизайн» факультетінің студенттері өндірістік пәндер бойынша сабақ беруде. Болашақ мамандар конструкциялау, модельдеу бағыттарынан бөлек құрақ құрау, кесте тігу секілді ұлттық қолөнер түрлерін де үйретуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.