Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Депутаттар сессия барысында қаланың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекітті.

2 бюджет

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Пятница, 12 Июль 2024 06:49

«Amanat» партиясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы саяси ұйым мүшелері Тұран ауданы әкімі апаратының қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасады. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жәй ғана есеп үшін жұмыс емес. Мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

3 озен

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ

Пятница, 12 Июль 2024 06:47

Шымкенттің ерікті жастары қайырымды істерге белсенді үлес қосуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді халқымыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ал, қайырымдылық – адам бойындағы ерекше бір қасиет. Ол ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетінің, сүйіспеншілігі мен қамқорлығының айқын белгісі. Қайырымдылық жасау – әр адамның қолынан келетін іс. Сондықтан әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. 

3 марафон

Бүгінде жұмыссыздықпен күрес мәселесі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналып отыр. Өйткені, жұмыссыздық деңгейі отандық экономиканың тұрақтылығын, халқымыздың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын айқындап беретін негізгі көрсеткіштердің бірі десек, қателеспейтініміз анық. Сол себепті бүгінде мемлекет жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтудың түрлі тетіктерін қарастырып, өз кәсібін бастағысы келетіндерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

 3 жумыс

ҰЛЫТАУ – ҰЛТ ҰЯСЫ

Пятница, 12 Июль 2024 06:42

Әлемде көлемі жағынан 9-орын алатын қазақ жерінің тарихы мен шежіресі аса бай. Ұлы саяхатшы-ғалым, этнограф Шоқан Уәлиханов бір жазбасында «Қазақтың шежіресінде айтулы қайбір оқиғалары мен атақты тұлғалары еш атаусыз қалмаған» деген.
Ауызша тарихымыз атадан балаға ауысып, жадында жаңғырып отырған. Төл тарихымызды өз ғалымдарымыздан басқа жат жұрттық саяхатшы тамсана жазғаны белгілі кезбелер де аузының суы құрды. Әзелде ата-бабаларымыз «Атың барда – жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел таны беріп жүріп» деп, алысты болжап, өз дүниетанымын кеңейткен.
Ұлан байтақ жерімізді қорғаған батыр, би, ақын-жыршылар ел тарихын тасқа жазып қалдырған. Ат тұяғымен шекарамызды кеңейтіп, ұрпаққа жайлы қоныс іздеген. Асан қайғы, Қорқыт баба қобызымен сайын даланы сазға бөлеп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт өмір аңсаған.
Осындай бабалар ізімен елтану мақсатымен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлері «Сан тарап» этнографиялық-экспедициясымен еліміздің төрт тарабын зерттеуді мақсат тұтты.

4 улытау

Конго-Қырым қанды безгегі – маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі ақпаннан қарашаға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80% жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғатта бұл аурудың негізгі тасымалдаушылары мен көздері –әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер. Сондықтан далада, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар осы ауруға жиі ұшырайды.

МӘМС:МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

Пятница, 12 Июль 2024 06:38

Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты сұрақ өте көп. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәуелсіз төлеушілері қандай мәселелерге жиі кездеседі және «сақтандырылмаған» мәртебеде не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап береміз.

МӘМС:МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

Пятница, 12 Июль 2024 06:38

Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты сұрақ өте көп. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың тәуелсіз төлеушілері қандай мәселелерге жиі кездеседі және «сақтандырылмаған» мәртебеде не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап береміз.

Страница 11 из 864