Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Жаз мезгілі басталғанда дәл осы көрініс орын алады. Ата-ана үшін де, бала үшін де жаз мезгіліндегі демалыстың орны ерекше ғой. Ойын баласы болғандықтан, оны шектеп, суға түсудегі қауіпсіздікті түсіндіріп көр. Бала ойын ойнап, ән айтып, асыр салмаса, ол бала бола ма? Жазғы демалыстың басталуы, әрине, көңіл қуантады, алайда баланың қауіпсіздігі мен өміріне бірқатар қауіп төнетіні де ақиқат. Ата-аналар жаз маусымындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, естен шығармағаны орынды. Осы мақсатта, өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Еркін Отарғалымұлы мен Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева бірқатар мәселелерге тоқталды.

8 лагерь фото

8d57a292-0955-474a-ab9c-ae649b8d6d73

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысы Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды іске асыруға жолындағы міндеттер, қаланың дамуына тигізетін Сенаттың ықпалы және Палата мен мәслихаттардың бірлескен жұмысының жаңа форматы талқыланды.

Іс-шарада Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде Әділетті Қазақстан құру, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында кешенді реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы белгіленген міндеттерді орындау барлық мүдделі тараптың белсенді әрі жүйелі өзара іс-қимылын талап етеді. Сондай-ақ аталған салада жұмыстың жаңа форматы қажет.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық және саяси салада үлкен өзгерістер болды. Билік тармақтарының арасындағы теңгерімділік күшейіп, саяси бәсекелестік артты. Сондай-ақ мемлекеттік институттар кешенді түрде жаңғыртылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда ел экономикасының жаңа үлгісін қалыптастыру үшін дәйекті жұмыстар жүргізіліп келеді. Мұндай нақты қадамдар азаматтардың әл-ауқатын арттырып, өңірлердің дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деді Сенат Спикері.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Парламенттің сегізінші шақырылымының екінші сессиясын қорытындылай келе, Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңызды басымдықтарына тоқталды. Сонымен бірге Палата Спикері заң шығару қызметіне мәслихат депутаттары, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері белсенді жұмылдырылғанын тілге тиек етті. Сенат Төрағасының айтуынша, жергілікті өкілді органдардың ұсыныстары мен бастамалары өңірлерді дамытуға қатысты мәселелерді шешу кезінде маңызды рөл атқаруға тиіс.

«Парламент бұл сессияда 102 заң қабылдады. Оның ішінде қоғамдық бақылауды күшейту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, адам саудасына қарсы іс-қимыл сияқты аса маңызды мәселелерді қамтитын заңдар бар. Сенаторлар үнемі өңірлерге барып, жергілікті жерлердегі әріптестерімен бірге тұрғындармен кездесіп, өзекті проблемаларды шешу жолдарын талқылады. Соның нәтижесінде Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға 200 депутаттық сауал жолданды. Алдағы сессия кезінде де бірлескен жұмысымызды осы қарқынмен жалғастырамыз деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ кездесуде мегаполистегі өзекті түйткілдер, нақты айтқанда, инфрақұрылым және логистика мәселелерін шешу барысы талқыланды. Аталған проблемалардың оң шешімін табу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі де сөз болды.
«Шымкентте жедел шешуді қажет ететін маңызды мәселелер бар. Бұл, ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық сауда-логистикалық орталығын салуға қатысты екенін атап өткен жөн. Батыс айналма жолын және басқа да бағыттардағы жолдарды салу да негізгі міндет. Шымкент үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының құрылысы да өзекті. Сондықтан алдағы сессияда республика бюджетін қараған кезде сенаторлар аталған басымдықтарды және мәслихат депутаттарының ұсыныстарын назарға алады», – деді Мәулен Әшімбаев.

 

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды.

1 shanhai

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, қалада атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, аралап көруді әдетке айналдырған.

2 shol

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Пятница, 05 Июль 2024 06:34

Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті.

2 Қабылдау1

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАТЫН ҚАЛА

Пятница, 05 Июль 2024 06:31

Астана – армандар орындалатын қала. Бірі Елордаға білім қуып, екіншісі өзге қалада білім алып, қызмет қуып барады. Келесі бірі еш жерде білім алмаса да, жұмыс іздеп барып қалып қояды. Әйтеуір, Астанаға бір барған адамның елге кері қайтатыны сирек. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған отандастарымыздың тағдырларын тоғыстырған Елордада әрқайсысы кетігін тауып қаланып, өз орындарын табуда.

3 elorda

ШАРУА ҚУҒАН ҚАЗЫНАҒА ЖОЛЫҒАР

Пятница, 05 Июль 2024 06:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, бүгінде Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуда кешенді жоспарлар жүзеге асырылып жатыр. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев салада атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.\

4 Ara-bal-1

Қазіргі заман – білімділердің заманы. Жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің талабы. Қазіргі таңда мемлекет алдында тұрған ең үлкен мәселелердің бірі осы – сапалы білім беру болып тұр.

5 Білім

Страница 14 из 864