ТІЛ ТҰҒЫРЫ ӘРҚАШАН БИІК Избранное

Пятница, 03 Март 2023 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 636 раз

Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты әрбір құрылым ҚР «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуын бақылап, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді.

99

 

Шымкент қаласы аумағында сыртқы көрнекі жарнама мен кәсіпкерлік нысандардың маңдайшасындағы мәтіндерін заң талаптарына сәйкес ретке келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жыл жоспарына сәйкес, түсіндіру жұмыстары Абай ауданының Темірлан тас жолы мен Жиделбайсын көшелерінде орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесуден басталды. Түсіндіру жұмысының нәтижесінде мамандар 120 кәсіпкерлік нысанды аралап, 27 нысан иесіне ескерту берілген. Сонымен қатар, қаладағы өзге этнос өкілдері тығыз шоғырланған 32 тұрғын алапта да кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары кестеге сай жүргізілмек.
Ал, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы қаңтар-ақпан айларында 357 азаматты тіл курсынан өткізген. Тіл үйренушілердің 197-сі қазақ тілінен, 42-сі орыс тілінен, 118-і ағылшын тілінен дәріс алған. Оның 248-і қазақ, 38-і орыс, 36-сы өзбек, 35-і өзге этностардың өкілі.
Аталмыш орталықтың бастамасымен 17 ақпанда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талантты жастарды іздеп табу, олардың көркемсөз оқу өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 16-29 жас аралығындағы үміткерлердің қатысуымен көркемсөз оқудан байқау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 24 ақпанда мектеп мұғалімдеріне арналған «Сандық технологиялар арқылы тілдерді оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдері» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шара ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес және тілдерді оқытып үйретуде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, сандық технология арқылы оқытудың түрлі жолдарын қарастыру, жалпы оқыту жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.