Қоныс тойын тойлаған шымкенттіктер пәтер құжатын ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы рәсімдеді. Оның ішінде, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасы, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша берілді.
Атап өтсек, бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ түгедектігі бар азаматтар қатыса алады.
Елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі зор. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез келген азаматқа өтінім беруге мүмкіндік бар.