«АРБАТТА» КЕРЕМЕТ КЕШ ӨТТІ Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 248 раз

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры «Арбат» алаңында ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жазылар естеліктер мен туралы...» атты поэзия кешін өткізді.

makataev

 

Іс-шара барысында театр әртістерінің орындауында ақынның Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікпен жазылған өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Тағылымды кешті қала тұрғындары мен қонақтары, жастар тамашалап қана қоймай, өздері де ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды. Ұйымдастырушылар өлең оқыған жастарға тәтті сыйлықтар табыс етті.

Назым Тұрсынбай,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 2-курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.