ТАЗАЛЫҚ НАЗАРДАН ТҮСПЕУІ ТИІС Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 334 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Мегаполис басшысы жауапты мекемелер басшыларына қала тазалығын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.

akimaT

 

Жиында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев индустриалды аймақтардың жұмысы жайлы баяндады.
Қалада бүгінде 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істеп тұр. Аталған аймақтарда 345 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінге дейін жалпы құны 229 млрд теңгені құрайтын 285 жоба іске асырылды. 8,6 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта қосымша 8 жаңа өндірістік алаң құру жұмыстары жүргізілуде.
Басқарма басшысы индустриалдық аймақтарға қатысты сұрақтар бойынша мәселе қозғады.
Аппарат мәжілісінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мегаполистегі психикалық денсаулық орталығының әр аумақта орналасқан 8 бөлімшесін бір ғимаратқа біріктіру қажеттігі туындап отырғанын жеткізді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы инфрақұрылым ұйымдастыру жұмыстарының барысын мәлімдеді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы салаларға қатысты мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ қала бойынша қажет жерлерге қоқыс жәшіктерін қоюды міндеттеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.