ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕНІП, ЖАМАННАН ЖИРЕНУГЕ ШАҚЫРДЫ

Пятница, 29 Март 2024 05:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 243 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» және Жастар ресурстық орталығы, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкерлерінен құралған ақпараттық-насихаттық топ Мирас университетінің студенттерімен кездесті.

Miras

 

Кездесуде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау, ұлт араздығы мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, әскери борышты өтеу сынды мәселелер айтылды.
Жиынға келген қонақтар жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтануға, дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеуге шақырып, кереғар діни ағымдар және шетелде діни білім алудың қауіпті тұстары жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін айрықша атап өтті. Кездесу барысында жастар тарапынан тақырып аясында көптеген сұрақтар қойылып, теолог жан-жақты жауап берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ЖОСПАРЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ ТАТУЛЫҚ ДІҢГЕГІ БЕРІК »