ЖЫЛУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

Пятница, 29 Март 2024 05:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 273 раз

Шымкентте 1 сәуірден бастап 2023-2024 жылғы жылу беру маусымы аяқталады. Күн райының жылынуына байланысты тұрғын үйлердің жылыту батареяларының температурасы төмендетіліп отыр. Ал, 1 сәуірде толығымен жылу беру тоқтатылады. Күзгі суықтың ерте түсуіне байланысты мегаполисте жылу маусымы ертерек, 2023 жылдың 20 қазанында басталған болатын.

 

Естеріңізге сала кетейік, жылу беру маусымын ерте бастау туралы шешім ауа райының қолайсыздығына және тұрғындардың өтінішіне байланысты қабылданған. Оған қаладағы жеке орналасқан 23 жылу қазандығы мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансасы толық дайын болды. Өткен жылы жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 13,2 шақырым жылу желісін жөндеуге жергілікті және республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінген. Тұрғындар жеке сервистік мекемелермен келісім-шартқа отырып, үйдің ішкі жылу жүйесіндегі тозығы жеткен құбырларды ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Мамандар 2023-2024 жылыту маусымы аяқталуға таяса да, тұтынушылар тұтынған жылу үшін төлем жасауға асықпайтынын алға тартып отыр. «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, бүгінгі таңда жеке тұлғалардың қарызы 965 миллион теңгеден асып кеткен.
Тұтынушылар көрсетілген қызмет үшін төлемді уақтылы жүргізгені абзал. Себебі, ұйымдар бұл қаржыны инфрақұрылымын жақсартуға немесе қызметкерлердің жалақысын көтеруге бағыттар еді. Алайда, уақтылы төлем жүргізілмеуіне байланысты мамандар жылыту маусымының қарызын өндірумен айналысып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « 73 ҮЙ САЛЫНАДЫ МЕЙІРІМДІЛІК – ЖАН ШУАҒЫ »