73 ҮЙ САЛЫНАДЫ Избранное

Пятница, 29 Март 2024 05:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 481 раз

Мемлекет басшысының баспанаға мұқтаж жергілікті халықты қолжетімді пәтерлермен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Kurilisoo

 

Құрылыс басқармасы тарапынан биыл ауданы 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады.
Тұрандағы үйлер мен Бозарықтағы 2 үй арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.
Жыл соңына дейін 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метрді құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы
7 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылы аяқталады.
Сонымен қатар, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтерді сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде 900 пәтерді жұмыс істейтін жастарға және 364 пәтерді халықтың әлеуметтік осал топтарына нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ТАТУЛЫҚ ДІҢГЕГІ БЕРІК ЖЫЛУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ »