СУБҰРҚАҚТАР ҚОСЫЛЫП, САЯБАҚТАР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ Избранное

Среда, 15 Май 2024 06:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 216 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарды қосу жайы талқыланды.

BriFOooo

 

Аталған аудан халқымен кездесу барысында 124 мәселе көтерілген, қазіргі таңда 64-і орындалып, 48-і жұмыс барысында, 12 мәселе 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә.Оңғар қала аумағындағы субұрқақтарды қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Қазір басқарма теңгерімінде 25 нысанда 37 субұрқақ бар. Бүгінде демеушілер есебінен субұрқақтар қосылуда. Қала басшысы жауаптыларға бүлінген субұрқақтарды қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауға нақты тапсырма берді.
Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Абдраманов мектептердегі соңғы қоңырау бойынша атқарылатын қауіпсіздік іс-шараларын баяндады.
Қала әкімі бұл ретте қалалық білім басқармасының басшысына тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Бұл күндері жалпы білім беру ұйымдарында, ойын-сауық орындарында, жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп күшейтіледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.