САЙРАМДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 17 Май 2024 07:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 423 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге Сайрам тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын.

akimM

 

Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді.
Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша алып келген.
Ал, қазірден бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта «Құрсай» шағынауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.