Департаментте тәртіптік комиссия төрағаларының жұмыстары талқыланды Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 396 раз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың тәртіптік комиссия төрағаларының қатысуымен жиналыс өткізді.

Depar

 

Аталған жиналыста тәртіптік комиссия тарапынан атқарылған жұмыстар талқыланды.
Сондай-ақ, жиналыста мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау барысында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстары тыңдалды.
Жиналыс қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тәртіптік комиссия төрағаларына мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бұлжытпай ұстануды ұсынды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.