ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ Избранное

Среда, 17 Июль 2024 06:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 999 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.

elek

 

Олардың қатарында электромобиль шығаратын зауыт құрылысы және ағын суды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға қажетті цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ, қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.
Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобиль шығаратын зауыт салынады деп жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған.
Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам болып саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.