8 мектеп пайдалануға беріледі Избранное

Среда, 26 Август 2020 04:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1755 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын тағы бір пысықтады.

507

 

Осы мақсатта құрылысы жүріп жатқан білім нысандарының жұмысын тексерді. Жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты екенін айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылау қашанда назардан түспеу керектігін ескертті.
Мұрат Әйтенов Самал-3, Асар-2 шағынаудандарында салынып жатқан 1200 орындық үш мектептің құрылысын аралап көрді.
Бүгінде аталған білім нысандарының құрылыс-монтаждау жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Бұл жұмыстарға жалпы 200-ден астам құрылысшы тартылып отыр. Мектептер қыркүйек айында пайдалануға берілетін болады.
Аралау барысында қала әкімі пайдалануға тапсырылған нысандардың кепілдік мерзімі аралығында пайдалану кезіндегі сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, биыл қалада 13 мектеп пен 2 өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға берілсе, 5 мектептің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.