30 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ӨТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ Избранное

Среда, 26 Август 2020 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1414 раз

Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемеақы берілді.

511

 

Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті.
– Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында жедел жәрдем медициналық көмек көрсету қызметінің, провизорлық орталықтардың және емханадағы фильтр кабинетінің мамандары бар. Қазіргі таңда 30 қызметкерге МӘМС арқылы 2 миллион теңгеден өтемеақы берілді. Қалған мамандардың құжатын арнайы комиссия тексеру үстінде, - деді
Т. Варзилов.
Айта кетейік, медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі. Ал маман коронавирустан көз жұмса, 10 миллион теңге бөлінеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.