Көгалдандыру басында – іскер әйелдер

Среда, 14 Апрель 2021 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1560 раз

«Шымкент Сити» шағынауданында «Таза табиғат» акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өтті. Шараны «Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Азаматтық Альянс» қауымдастығы мүшелері ұйымдастырды.

620

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды бірлесіп көгалдандыру туралы тапсырмасын негізге ала отырып өткізілген игі шараға Шымкент қаласы Қаратау әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері де атсалысты.
Экологиялық акция барысында Жұмағали Білісбеков бастаған «Азаматтық Альянс» мүшелері, Эльмира Созақбаева жетекшілік ететін Шымкент қаласының Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері және Y-Peer еріктілері қатысып, шағынауданда жалпы 100-ден астам көшет отырғызылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.