Инвестиция тарту – қаланы дамытудағы маңызды бағыттың бірі екенін айтқан қала басшысы заң аясында бекітілген мемлекеттік қолдаумен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге, іскерлік кездесу іс жүзінде жемісті нәтиже беретініне сенімді екенін айтты.
Жалпы, сыртқы сауда бойынша Шымкент пен Финляндия арасындағы импорт өткен жылы 1,7 млн. АҚШ долларын құраған болатын. Сондай-ақ, Қазақ-станда жұмыс істейтін финляндиялық компаниялардың басым бөлгі энергетика, телекоммуникация, транспорт, сауда, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп салаларында қызмет
көрсетуде.