Білім нысанында құрылыс жұмыстары биылғы оқу жылы аяқталған кезде басталған. Мектептің есік-терезелер, жылыту және электр желілері, шатыры толық ауыстырылады. Барлық бөлігі сырланып, абаттандырылады. Бүгінде жұмыстың 40 пайызы орындалған. Күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Қала басшысы жұмысты сапалы әрі тездетіп жүргізіп, мүмкіндігінше жаңа оқу жылына дейін аяқтауға тапсырма берді.