25 ШАХМАТШЫ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 04:30 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 146 раз

Шымкенттегі Көрме орталығында ҚР Парламенті Сенатының шахмат бойынша Senat Open ашық кубогының жартылай финалы аяқталды. Аумақтық чемпионаттың жартылай финалында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының шахматшылары бақ сынады. Турнирде қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үздік ойындар көрсетті.

MaT

 

Жартылай финал бәсекесінің салтанатты жабылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, үздік шыққандарды марапаттады.
– Елімізде интеллектуалды ойындарды дамытуға көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адал ұрпақ тәрбиелеу керек екендігін, ол адал ұрпақтың деңгейі биік, парасат-пайымы жоғары болуы керектігіне назар аударып отыр. Шахматты дамытуда кешенді іс-шаралар қолға алынуда. Мұнда қатысушылардың көбі – аға буын өкілдері. Жастар аға буыннан үлгі алуы керек. Енді турнир дәстүрлі түрде өтеді деген сенім бар. Жартылай финалда жеңіске жеткендер Елордада өтетін финалға қатысады, – деді қалалық мәслихаттың төрағасы.
Айта кетсек, ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ашық кубогы FIDE ережесіне сәйкес өтуде. Аумақтық чемпионатта іріктелген 25 шахматшы финалға жолдама алды.
Турнирге қатысушылар арасында 80 жастан асқан қариялар да бар. Ал, финалға шыққандардың арасында ардагерлер көп. Қалалық мәслихаттың төрағасы осындай жарыстар жергілікті жерлерде шахмат ойынын насихаттауға өз септігін тигізетінін атап өтті.

Ә.АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Велоспортшылар жарап тұр