Велоспортшылар жарап тұр Избранное

Среда, 19 Июнь 2024 06:35 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 457 раз

Шымкент қаласының №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үш спорт бөлімі жұмыс істейді. Олар – жеңіл атлетика, велоспорт және өрт сөндіру-құтқару спорты.

велоспорт

 

Велоспорт бөлімінде 6 жаттықтырушы спортшыларға велоспорттың қыр-сырын үйретіп келеді. Мектеп директоры Бегалы Қуанышұлының басшылығымен спортшылардың дайындығы пысықталып, велошабандоздар үздіктерің қатарынан көрініп жүр. Мектептің 6 спортшысы – Қазақстан жастар құрама командасында. Жыл басынан бері велошабандоздар Қазақстан Республикасының чемпионаттарында топ жарып, спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне қол жеткізді. Атап айтсақ, наурыз айында Тараз қаласында өткен велоспорттың олимпиадалық спорт түрі маунтинбайктен ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан жеткіншек (юниор) спортшымыз Альдер Ергешов 3-орын иеленіп, ҚР спорт шебері атанды. Ал, велошабандоз Альмир Валиев Қазақстан ұлттық құрамасымен Ресейде оқу-жаттығу жиынынан өтіп, сәуір айында халықаралық жарыста
3-орын иеленіп қайтты.
30 мамыр – 6 маусым аралығында Қостанай қаласында ерлер мен әйелдер, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ХСМ марафонында ҚР ұлттық чемпионаты, 13-14, 15-16 жас аралығында ХСО, ХСС Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа велошабандоздарымыз қатысып, Альдер Ергешов жасөспірімдер арасында чемпион атанса, юниор қызымыз Виктория Погодина үшінші орын иеленді. Альмир Валиев екі дистанция – ХСО, ХСС бойынша чемпион атанса, Софья Бундина ХСС бойынша
1-орын, ХСО-да 3-орын иеленді.
Қазіргі таңда жаттықтырушылар спортшылармен бірге алдағы тректен, тас жолдағы жарыстан, маунтинбайктен болатын Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Е.САПАРБАЕВ,
Шымкент қаласының №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан
олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.