Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылады

Понедельник, 03 Август 2015 12:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5902 раз
asDSC00791Қала әкімдігінің мәжіліс залында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н. Назарбаевтың 5 институцианалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау мақсатында басқосу өтті. Қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ құрылым бөлімдерінің жетекшілері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысқан жиынды қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды.
 
– Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Бес институтционалдық реформаны іске асыру үшін 100 нақты қадамды белгіледі. Бұл бағдарлама – жаңа тарихи жағдайда ұлттың өркендеуіне жетелейтін бірегей бағдарлама. Оны орындау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артады. Қазіргі таңда Ұлт жоспарын халыққа кеңінен түсіндіру және талқылау үшін Шымкент қаласында 5 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, жұмыс істеуде, – деді Қ. Нұртай.
 
Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам жоспарының» ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті көтеріп, елді еңбекке, ынтымаққа шақыратынын атап өтті.
 
Сондай-ақ, жиында ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердіқұл Садықов сөз алып, Мемлекет басшысы ұсынған бағдарламаның ел дамуына зор серпін беріп отырғанына тоқталды.
 
– Бағдарлама – Қазақ елінің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне жасалған маңызды қадам. Ұлт жоспары мемлекетімізді нығайтуға, сонымен бірге жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызады. Баршаңызды ортақ мақсат жолында бірлікті ту ете отырып жұмыс істеуге шақырамын, – деді ол.
 
Жиын соңында қала әкімінің орынбасары басқосудың маңыздылығын айтып, қорытынды сөз сөйледі.
 
– Елбасы атап өткендей, біз, Қазақ елі, ауқымды реформаларды жүзеге асыру алдында зор міндеттер мен мақсаттарды орындағалы тұрмыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ұлт жоспары аясында бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу жоспарлануда. Осыған орай, ұсыныстарыңызды аудан әкімдігіне жолдауларыңызға болады. Біз жиналған ұсыныстарды тиісті министрліктерге жіберетін боламыз, – деді Қ. Нұртай.
 
С. ТАСТАНБЕК
Последнее изменение Вторник, 04 Август 2015 06:07
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА »