Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде орналастыру рәсімін филиалдың қызметкерлерінен басқа, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының және де басқа мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған аймақтық комиссия жүргізді. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді көрсету үшін 2023 жылға Шымкент қаласына келісімшартпен жасалған бюджеттік қаражат сомасы 107 347,75 млн. теңгені құрайды.
2023 жылдың 1 қаңтарына медициналық қызмет көрсету үшін 188 медициналық ұйыммен ТМККК шеңберінде 58 372,24 млн. теңге сомасына шарт жасалды, МӘМС жүйесінде 48 975,5 млн. теңге. Бүгінгі таңда 2023 жылдың 4 айына көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталды.
Филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді. Егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарыласа, өзге қаражат көздерінен алынып, қайта бөліске салынады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады, бірақ, бұл жерде қордың мүмкіндігі шектеулі. Қаржыны қайта бөліске салу үшін денсаулық сақтау субъектілері қорға өтінімдерді заңда белгіленген тәртіппен жолдайды.
Ш.ШЕРИМОВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы
бойынша филиалы директорының орынбасары
С. Айткулова,
Шымкент қалалық №4 емхананың
рентгенолог дәрігері