ҚОҒАМ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СТЕРЕОТИПТЕРІНЕН АРЫЛУЫ қажет Избранное

Пятница, 01 Ноябрь 2024 05:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 50 раз

Шымкентте «Алтын Орда» қоғамдық ұйымының «Әйел. Қоғам. Саясат» жобасы аясында «Әйел бейнесі – қоғам бейнесі» тақырыбында форум өтті.

 aielder sterotipi

Форумның мақсаты - қоғамдағы әйелдердің рөлі мен олардың өмірдің түрлі салаларына қосқан үлесін терең түсіну және бағалау. Сонымен қатар бұл форум әйелдердің қоғамдағы орнын көрсету, білім алу, кәсіпкерлік, саясат, ғылым және өнер салаларында белсенді болуын қолдау арқылы жалпы қоғамның прогресін қамтамасыз ету және оларға қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндіруді көздейді. Сондай-ақ, бұл басқосу кешегі қазақ әйелінің даналығы арқылы қазіргі заман әйелінің бейнесін ашып, болашақ қазақ әйелінің болмысын қалыптастыруға серпін беруге бағытталған.
Форумға «Перзент» балалар үйінің басшысы Әмина Әжібаева, «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Айтенова, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, №23 мектеп-лицейдің директоры Жанар Тойлыбаева және студенттер қатысты.
Аталмыш форум жаңа бастамаларды, әйелдердің қоғам өміріндегі рөлін арттыруға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жеке өсуі үшін жағдай жасауға арналған жалпы тәсілдерді әзірлеу үшін диалог алаңы болды. Мәселенің түйткілін көтеру мақсатында Меруерт Айтенова өзінің өмірлік тәжірибесінен әйелдерге қатысты біршама ойларымен бөлісіп, олардың қоғамдағы рөлін қайта қарастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол әйелдерге қатысты стереотиптерді бұзудың және олардың құқықтары мен еркіндіктерін кеңейтудің қажеттілігін алға тартты.
Ал, Ә.Әжібаева әйелдердің кәсіби және жеке өміріндегі табыстарын шектейтін ескірген көзқарастардан арылудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар әйелдердің ішкі әлеуетін ашып, оларды өз армандарына ұмтылуға шабыттандыруға шақырды.
Жиынның соңында оқырмандар мен қонақтар арасында сұрақ-жауап сессиясы өтті. Қатысушылар қозғалған мәселелер мен негізігі тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, ой бөлісті. Бірқатар оқырмандар әйелдер құқығы, гендерлік теңдік және қоғамдағы стереотиптер туралы пікірлерге ерекше қызығушылық танытты.

Эльмира СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.