АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 04:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 76 раз

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген демалысқа 2018 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңде шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлем мөлшері 5% артты.

БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.

Төлем әдістемесіне сәйкес, зейнетке шығатын азаматтарға берілетін төлем мөлшері былай есептеледі: төлем алу басталатын бірінші жылда зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесі 6,5% көбейтіліп, 12-ге бөлінеді.

Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - ТКД) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2024 жылы ТКД - 43 407 теңге). Осылайша, жыл басынан бері БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі төлем мөлшері 30 384,9 теңгені (70% * 43 407 теңге) құрады.Бұдан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайтылып отырады. Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылған күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға Қордан бір рет біржола төленеді (2024 жылы біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері 694 236 теңге = 12 * 57 853 теңге).

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемдері оларға зейнетақы төлемдерін тағайындау сәтінде қолданыста болған әдістеме бойынша есептеледі: жылдық зейнетақы төлемінің сомасы есептеліп, ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінің ең жоғары көрсеткішінен (2024 жылы: 1 735 590 теңге =30*57 853 теңге) және зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шамадан аспайды.     

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.