АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Вторник, 13 Февраль 2024 04:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 283 раз

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясын іске асыру шеңберінде, оның ішінде проактивті форматты енгізуді ескере отырып, зейнетақы қызметтерін одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттерді қоса алғанда, "БЖЗҚ" АҚ салымшыға көмек ретінде болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы ­­- зейнетақы жинақтарының дербес жоспарын іске қосты.

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы мөлшеріне және болашақ жарналарға сүйене отырып, зейнетақы төлемдерінің күтілетін мөлшері мен кестесін есептеуге болатын болжамды зейнетақы калькуляторынан айырмашылығы, дербес жоспар пайдаланушыға төмендегілерді өз бетінше іске асыруға мүмкіндік береді. Атап айтсақ:

- зейнетақы жинағының ағымдағы мөлшерін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің өзіңіз         

қалаған сомасын негізге ала отырып, жарналардың талап етілетін мөлшерін есептеу

- жинақтаудың дербес жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу (автоматтандырылған дербес хабарламалар жүйесі арқылы).

Болашақ жиынтық зейнетақыны бағалау есебі Қазақстанның көп деңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының мынадай құрамдауыштарын қамтиды:

1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен зейнетақы (базалық зейнетақы және ортақ (еңбек) зейнетақысы).

2. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы:

- Қызметкерлердің табыстарынан БЖЗҚ-ға төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

-  Жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін қызметкерлердің пайдасына аударатын 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ).

3. Қызметкер де, оның жұмыс берушісі де аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы.

            Болашақ зейнетақыны жоспарлау қызметі БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте қолжетімді. Оған кірген кезде пайдаланушы осы қызметті пайдалану мүмкіндігі туралы біржолғы хабарлама алады. Қызмет түрі және оны қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ақпаратпен Сіз  экранның жоғарғы жағында орналасқан зейнетақы жинақтарының дербес жоспарын пайдаланушыға арналған жадынамадан таныса аласыз.

Салымшы өзінің зейнетақы жоспарының орындалу үрдісін бақылай алады. Нақтырақ атасақ, МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ түсімдерін, сондай-ақ, жоспарды іске асыру үшін уақытылы шаралар қабылдау үшін айлар мен жылдар бойынша пайыздық және ақшалай мәндегі жоспардың орындалу мәртебесін қадағалай алады. Мысалы, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының жетіспейтін сомасын толықтыру.

Қажет болса, салымшы кез-келген уақытта дербес жоспарының кіріс өлшемдерін өзгерте алады. Мысалы, зейнетақының өзі қалаған мөлшерін басқаша көрсетіп, жаңа жоспарын құра алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА »