Наразылық хат дегеніміз не? Ол не үшін қажет?

Пятница, 17 Май 2024 05:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 203 раз

Наразылық хат тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың маңызды құралы болып табылады. Ол тұтынушыларға наразылықтарын білдіруге және тауар немесе қызметке белгіленген сапа стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда сатушыға немесе орындаушыға талаптар қоюға мүмкіндік беретін құжат.

 

Наразылық хат, даулар туындаған жағдайда, сатушыға немесе орындаушыға жүгінудің дәлелі ретінде де қызмет етеді. Бұл тұтынушыға өз талаптарын жариялауға және сатушының немесе орындаушының мәселе туралы хабардар екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
       Осылайша, наразылық хатын жазу тұтынушылардың құқықтарын қорғау процесінде маңызды қадам болып табылады. Бұл тұтынушыларға кемшіліктерді түзетуді, ақшаны қайтаруды немесе тауарды айырбастауды талап етуге, сондай-ақ дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
       Неліктен наразылық хатын жазу керек? Ол-
•сатушыға/орындаушыға жүгінудің дәлелі;
•талаптардың мәлімдемесі (екі тарап та кім кімнен не талап еткенін дәлелдей алады);
•сатушының/орындаушының кемшіліктер мен жетіспеушіліктер туралы және тұтынушының не қалайтынын білетіндігінің кепілі.

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті    бас маманы Д.Сейтаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Электр жарақаты Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. »