Ата заң алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді

Пятница, 07 Июнь 2024 05:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 140 раз

Қазақстанның Конституциясы алғаш рет Брайль әліпбиінде жарық көрді. Бұл туралы ҚР Конституциялық Сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін Конституциялық Сот алғаш рет Брайль шрифтімен мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясының тұсаукесерін өткізді.

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Қазақстанның Ата заңының мәтінін көру қабілеті нашар немесе зағип азаматтар үшін Брайль шрифтіне (бедерлі-нүктелі тактильді шрифт) аудару жобасын ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі және Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрді», - делінген хабарламада.

kaz.inform.kz

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.