Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдай басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қошқар ата өзенінің бойында өткен жиынның мақсаты – төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсетудің қарапайым жолдарын үйрету және алдын алу.
Түсіндіру жұмыстарына Әл-Фараби ауданы ТЖБ аға инженері Сүйінбай Мағдатқасымұлы және Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.
Іс-шара барысында тұрғындарға суға шомылудағы қауіпсіздік ережелері, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды, сондай-ақ, белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тыйым салынатынын хабарлап, қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынама парақшаларын таратты.
Жас балалардың суда жүзе алмауы, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы – орны толмас қайғы мен өкінішке айналатын кездер көп.
Мамандар осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін төмендегі ережелерді сақтауға кеңес береді:
– суда балаларды қараусыз қалдырмауға;
– қоршау белгілерінен аспауға;
– көпір, дамба, қайықтан суға секірмеуге;
– судың тереңдігін тексермей сүңгуге;
– таныс емес орындарда шомылуға;
– тек рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылу.
Айта кетейік, суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адам өлімінің алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдерімен бірлесіп, шомылуға тыйым салынған 13 орынды анықтады.
Олар:
– Бадам өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
– Сайрам су өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
– Текесу су қоймасы;
– Ақжар су қоймасы;
– Шымкент магистральды каналдың қала аумағында орналасқан барлық арналары;
– Янги-шек каналының қала аумағында орналасқан барлық арналары;
– Қарасу өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
– Қошқар ата өзенінің қала аумағында орналасқан барлық арналары;
– Қайнарбұлақ жасанды көлі;
– Азат каналы;
– Көкбұлақ каналы;
– Хауау каналы;
– Сасық каналы.
Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ