Адам өзгермей, қоғам өзгермейді

Среда, 26 Июнь 2024 04:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 308 раз

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамның түрлі саласында белең алып отырған өзекті мәселенің бірі. Бұл бағытта тиісті жұмысты жүргізу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болу үшін тиісті шараларды қабылдауда.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметінің 70 пайызы парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, ал 30 пайызы жазалау шараларына бағытталған. Соның өзінде жемқорлық актілерінің тіркелуі азаймай отыр. Себебі, тек заңмен мәселені шеше алмаймыз. Оған қоғам да, оның ішінде азаматтар да – бәріміз атсалысуымыз қажет.
Сананы қалыптастыру, ең бірінші, отбасындағы, оқу орнындағы тәрбиеден басталады. Адамға бала күнінен жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастырып, парасаттылық, адалдық сынды қасиеттерді бойына сіңіру керек. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет.
Сыбайлас жемқорлық – мәселені шешудің тиімді тәсілі болғанымен, ауыр қылмыс. Мәселе туындағанда, оны басқа да қырларынан қарап шешуге тырысыңыз. Шешілмейтін мәселе болмайды. Адам өзін тәрбиелеуші және білімді адам ешқашан ақшаның көмегіне жүгінбеуге тырысады. Адам өзгермей, қоғам өзгермейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді және қоғамдық заңды мінез-құлыққа үйрететін отбасындағы ата-ананың да тәрбиесін бағаламауға болмайды, себебі баланы тәрбиелеу ең бірінші отбасынан бастау алады. Отбасында өскелең ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлу керек, өйткені барлығы баланың отбасында қандай тәрбие алатынына байланысты, оның ішінде құқықтық мәдениеті де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет те бар. Ата-аналардың негізгі міндеті – баланы өткен дәстүрді құрметтеуге және барынша қоғамға пайдалы риясыз қызмет етуге тәрбиелеу. Өкінішке қарай, қазіргі Қазақстан жағдайында көп ата-аналар азаматтық ұстаным мен құқықтық сауатсыздығының әсерінен өздерінің күнделікті өмірлік мәселелелерін заңсыз жолмен шешуге тырысады, оның салдары болашақ ұрпаққа кері әсерін тигізеді.

Н.ЕШЕНҚҰЛОВ,
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасының «№1 АӘҚКО» КММ-нің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.