Шымкентте «Аманат» сайлауды бақылау жөніндегі азаматтық алаңы аясында семинар-тренинг өтті.
Жиынға елордадан келген «Аманат» азаматтық платформасының штаб жетекшісі Лима Диас, қоғам қайраткері Мұсағали Дуамбеков және Шымкенттегі «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі
Зәуре Оралбаева қатысты.
Жиында «Аманат» азаматтық платформасының ресми таныстырылып, қоғамдық ұйымның мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Семинар барысында «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі Мұсағали Дуамбеков мобильді капитандарға оқу тренингін өткізді.
– Тренингтің мақсаты – сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға үйрету. Семинардың модулі халықаралық талаптарға және тәжірибеге сәйкес.
ОСК, кандидаттың сайлау штаб-пәтері және өзге де сайлауға қатысты аймақтарда заң бұзу фактілері тіркелсе, онда бірден қандай әрекеттер жасау туралы кеңестер беріледі, - деді М.Дуамбеков.
Семинар соңында барлық қатысушыларға «Аманат» сарапшылары дайындаған «Сайлаушылар естелігі» табыс етілді.