Жемқорлықсыз ел – өркениетті ел

Пятница, 17 Май 2019 04:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2422 раз

ҚР – ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген.

5577556

Елбасы Н.Назарбаев «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығу тиіс. Жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді» деп, жаңа заңнамалық негіздер қалыптастыруды алға қойған болатын.

Тұңғыш Президенттің «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» орындау мақсатында Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2019 жылға арналып ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті, «Нұр Отан» партиясының Қаратау аудандық филиалы, прокуратура, ішкі істер бөлімі және қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемелері арасында бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан аумағында денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, аудан аумағындағы кәсіпкерлер, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында ауқымды іс-шаралар өткізілді.

Қаратау ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне арналып, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексінің талаптарын сақтау, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының нормаларын түсіндіруге арналған құқықтық сабақтар өткізілді.

Мұндағы мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу. Сонымен қатар демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайту.

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Біз өркениетке бастар жолдардың бірі – жемқорлықсыз қалыптасқан қуатты мемлекет екенін ұғынуымыз қажет.

И.Қантөреев,
Қаратау ауданының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.