Ардақты аналар, асыл әжелер, аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер өмірдің мәнісіздер! Сіздер тіршіліктің сәнісіздер! Сіздер қоғамның қозғаушы күшісіздер! Отбасының ұйытқысы, ұрпақтың тәрбиешісіздер!
Қандай да бір жағдайда болмасын біз ананың ақылына, жарларымыздың кеңесіне сүйенеміз. Қыздарымыздың ерке, назды қылығына сүйсінеміз.
Біз Сіздермен мақтанамыз. Біз Сіздермен биікпіз. Олай дейтінім, біздің Шымқаланың қыз-келіншектері қай жағынан да мықты, мәртебелі! Біздің аруларымыз жарқылдап жүріп жұмыс та істей біледі, спортта өңірімізді әлемге де таныта біледі, өнерлерімен тамам елді тамсандыра да алады. Басшылық қызметте де, бизнесте де, қоғамдық қызметте де, күнделікті өмірде де Сіздер белсенді де, беделдісіздер. Елге қызмет ете жүріп, өмірге ұрпақ әкелуге де үлгеретін, тіпті Алтын алқа, Күміс алқа иегері атанған ару әпке, жеңгелеріміз де аз емес.
Қымбатты аналар, қадірлі әпке-қарындастар!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге ғаламның бар жылуы мен жақсылығын, өмірдің шаттығы мен отбасының береке, бірлігін, деннің саулығы мен әйелдің бақытын тілейміз!
Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі
Ғани ТАШҚАРАЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы