Бесінші аудан құру туралы шешім қабылданды Избранное

Пятница, 08 Июль 2022 05:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1264 раз

Шымкентте жаңадан бесінші аудан құрылатын болды. Жаңа ауданның аумағы 36 мың гектарды құраса, онда шамамен 210 мың адам өмір сүреді.

beshinshi-audan

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясының күн тәртібінде бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы мәселе қаралды. Оған Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Мұқан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, шаһардағы демографиялық өсім жоғары, қала тұрғындарының саны жыл сайын 2,5-3 пайызға дейін көбейіп келеді. Оның үстіне Шымкент республикалық маңызға ие қалалар арасында аумағының кеңдігі жағынан бірінші орында тұр. Қалаға кейіннен қосылған ауыл типтес 41 елді мекен бар. Бұл шағынаудандар мен тұрғын алаптарды дамыту – кезек күттірмейтін мәселе. Аппарат басшысы осыған байланысты жаңадан бесінші аудан құру қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті. Жаңа ауданның құрылуы қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Бұл мәселе Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында қаралып, жан-жақты талқыланғандықтан халық қалаулылары ұсынысты бірауыздан қолдады.