Әр ауданның даму нүктесі белгіленді
Пятница, 21 Июль 2023 06:03Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Жүнісбеков Мемлекет басшысының Жолдауы аясында 6 айда атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Спикердің айтуынша, басқармаға бекітіліген 5 индекатор толығымен орындалып, атқарылатын жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Басқармаға жүктелген негізгі тапсырманың бірі – қаланың Бас жоспары. Осы жылдың 23 маусымында Бас жоспардың жобасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті ұйымдастырған сараптаманың оң қорытындысын алып, қала мәслихатының V сессиясында депутаттар тарапынан мақұлданды. Енді Бас жоспардың жобасы ҚР Үкіметіне жолданады.
–Бас жоспардың ерекшелігі – 2035 жылға дейін 3 айналма жол мен қажеттілікке қарай жеңіл рельсті транспорт жобасы қаралды. Қаланы стратегиялық тұрғыдан өркендету үшін 5 ауданды дамыту нүктелері анықталып, Бас жоспарға енгізілді. Мәселен, Тұран ауданының даму нүктесі қаланың оңтүстік аймағы, яғни Құрсай елді мекені боп белгіленді. Онда көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандыр, инжинерлік-инфрақұрылыммен қамту жобалары көзделген. Еңбекші ауданының шығыс бөлігінде жаңадан Сауран шағынауданы құрылып, орталық аумақ болып енгізілді. Абай ауданының орталығы – Шымсити, Қаратау ауданының даму нүктесі әкімшілік іскерлік орталығы мен Тұран шағынауданы енгізілді. Ал, Әл-Фараби ауданының даму нүктесі Республика даңғылы ретінде енгізілді, — деді Нұрбол Әбдірахманұлы.
Жуырда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қалада геопортал жүйесі іске қосылды. Ашықтықты қамтамасыз ететін бұл жүйе арқылы жер қатынастары, қала құрылысы саласында 16 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі. Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған.
2021-2025 жыл аралығында қалада 5 млн 318 мың шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биылғы жоспар бойынша 1 млн 73 мың шаршы метр үй көзделсе, 6 айдың ішінде 389 791 шаршы метр үйдың құрылысы аяқталыпты.
Брифинг барысында спикер заңсыз құрылысқа да тоқталды. 2023 жылдың 6 айында құрылыс нысандарын мониторинг нәтижесінде заң талаптарын өрескел бұзып, өз бетінше салынған 300 нысан жөнінде қаланың орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолданған. Осы хат негізінде 177 нысанға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 802 бабына сәйкес 88 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған екен.
ШАПЫРАШТЫ КАНАЛЫНА СУ КЕЛДІ
Среда, 19 Июль 2023 04:53Бұл – Шымкент қаласы Шапырашты тұрғын алабының шаруалары үшін қуанышты жаңалық. Елді мекендегі каналдың ауқымды бөлігінің құрылысы аяқталып, су келе бастады. Өткен жылдың маусым айында басталған күрделі жөндеудің нәтижесінде су арнасы терең қазылып, айналасы бетондалған.
«СЕНАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ – ӨҢІРЛЕРДІҢ ДАМУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ»
Среда, 12 Июль 2023 04:19ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Депутаттар шаһардағы тұрғын алап халқымен кездесіп, денсаулық, әлеуметтік саладағы мекемелердің жұмысымен танысты. Алдымен депутаттар қалалық Жүрек орталығында болып, дәрігерлермен кездесті. Орталықтың Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Дархан Сүйгенбаев халық қалаулыларын атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жеткен жетістіктерін баяндады.
Қарлығаштай қанатымен су сепкен...
Среда, 12 Июль 2023 04:14Айлары асығыс, күндері қауырт өтіп жатқан қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де ыңғайлы, біртұтас отбасыдай жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет. Бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу мәселесіне ерекше ден қойылып отыр. Бұл істе әлеуметтік қызметкердің орны ерекше. Өйткені, олар өз ісінің білгірі ғана емес, жұмысына жан-тәнімен берілген, науқас балалардың шамшырағы деп айтуға болады. Ерекше балалар өмірді ата-анасы арқылы таныса, әлеуметтік қызметкермен қоршаған ортаға үйреніп, бейімделе бастайды.
«Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!»
Среда, 05 Июль 2023 05:05Шілде айының алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Осы күннің құрметіне Арбат алаңына жиналған шымкенттік жастар DOMBYRA party ұйымдастырып, қала тұрғындары мен қонақтарына әсем ән мен тәтті күй сыйлады. 50-ге жуық жас күйші Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалардың күйін шертіп, қазақтың рухын асқақтатар асыл қазынамызды дәріптеді. Игілігі мол бастамаға қалалық жастар ресурстық орталығы мен AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты және «Мирас» қоғамдық бірлестіктері ұйытқы болды.
Ұлт саулығына төнген қауіп
Пятница, 30 Июнь 2023 04:42Синтетикалық есірткіге қарсы күрес қалай жүзеге асып жатыр?
Соңғы жылдары синтетикалық есірткі мәселесінде мамандар дабыл қағуда. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп жатқанын атап өтті. Деректер соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқанын көрсетті. Сондықтан Президент Жолдауда синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс екенін алға тартып, нақты тапсырмалар берді. Шымкент қаласында «Халықаралық есірткімен күрес күніне» орай өткен жиында да тәртіп сақшылары, дәрігерлер мен қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары ғасыр дертінің алдын алу жөніндегі ойларын ортаға салды.
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚУАТЫ – ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕ
Среда, 21 Июнь 2023 06:00Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары –2023» конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті. Іс-шараға қала әкімдігі мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қалалық филиалы ұйытқы болды. Арбат алаңында ашық аспан астында өткен екі күндік көрме-байқауда шаһардың 70-тен аса кәсіпкері өз өнімін ұсынды. Көрмеде қазақтың ұлттық тағамы құрт пен майдан бастап, құрылыс материалдары, жиһаз, киім-кешек, сәбилерге арналған жөргек, дәрі-дәрмек өндірісі, тоқыма бұйымдар, тамақ өндірістері, күнделікті тұрмыс пен құрылысқа қажеттінің барлығы бар. Тіпті, қаламызда аяқ киім шығаратын үш фабрика бар екеніне көзіміз жетті.
ШЫМКЕНТТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Среда, 21 Июнь 2023 05:43Шымкент – еліміздегі республикалық маңызы бар үш қаланың бірі. Еліміздің индустриалды орталығына айналып отырған шырайлы шаһарда өмір сүрудің қауіпсіздік деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Адам өмірі мен қауіпсіздігі – мемлекеттің басты құндылығы екенін ескерсек, Шымкентте қолға алынып жатқан кешенді жоспарлар мен оның орындалуы халықтың қауіпсіздікте тұрмыс кешіп жатқанын аңғартады.