Шаруалар ғылымға оң қабақ танытса, өнімнің көлемі артады
Среда, 12 Апрель 2023 05:02Шымкент қаласында жылдан жылға өндіріс орындары мен әлеуметтік нысан құрылыстарының көптеп салынуынан егіс алқабының көлемі қысқарып келеді. 2018 жылы Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған кезде ауыл шаруашылығы жерлері 64 мың гектар болса, бүгінгі таңда 27 мың гектарға азайып отыр. Десек те, қала маңында дәнді-дақыл, майлы дақыл, мал азықтық дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек және бақша өнімдерін өсіру бағыты кенжелеп қалған жоқ. Шымкенттің топырағы саздауыт болғанымен, күннің жылылығы саладағы тірлікті жандандыруға күш береді.
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН «ҚАМҚОРЛЫҚ»
Среда, 05 Апрель 2023 03:57Ерекше балаларға 18 жасқа дейін қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығы елімізде алғаш болып Шымкент қаласында ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров, «Қамқорлық қоры» қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
НАУРЫЗ ТОЙЫ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛДЫ
Пятница, 24 Март 2023 05:05Наурыз мейрамы үшінші мегаполисте он күн тойланды. Көрісу күнінен басталған онкүндікте ұлттық құндылықтар дәріптеліп, мереке Жоралғы күнімен қорытындыланды. Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда этноауылда 170-тен астам киіз үй тігіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келді. Мерекелік жиынға қатысқан қонақтар ұлттық ойындар, ұлттық киім, тағам мен өнер сайыстарын тамашалады. Думанды той күні кеше ашылған жаңа атшабарда өтті.
ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУДА – КӨШ БАСЫНДА
Пятница, 17 Март 2023 05:56Былтыр республика аумағында 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Ал, Шымкентте өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 70 мың шаршы метрге жетіп, жылдық жоспар асыра орындалған. Пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша Шымкент қаласы көш басында тұр. Бұдан бөлек, биыл шымкенттіктерді баспаналы ету мақсатында тұңғыш рет өңірлік бағдарлама қабылданды. Баспана алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар туралы тарқатып айтсақ.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЦИФРЛЫ ФОРМАТҚА КӨШТІ
Среда, 15 Март 2023 04:30Еңбек және әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру – еліміздің экономикасын технологиялық тұрғыда жаңғырту бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінде цифрлы форматқа көшу үдерісі адами факторлардың алдын алып, сыбайлас жемқорлық әркеттерінің жолын кесуде. Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингте еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бақтияр Өнербаев осылай деді.
«Ардақтайық, аялайық Ананы»
Четверг, 09 Март 2023 04:35Отбасы құндылығы – баға жетпес байлық. Осы құндылықтың, тәрбиенің бастауы ақ жаулықты анадан, инабатты келіннен бастау алады десек артық айтпағандық болар. Шымкент қаласының ардагерлер кеңесі ұрпақтар сабақтастығын жалғау, оны өскелең ұрпаққа дәріптеу ниетінде әрі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ардақтайық, аялайық Ананы» атты ақ жаулықты аналар арасында сайыс ұйымдастырды.
ТАСТАЙ БЕРІК, ГҮЛДЕЙ НӘЗІК
Четверг, 09 Март 2023 04:34«Қыздың қырық шырағы бар» демекші, әйел адам – қанша жерден нәзік болғанымен, іштей өте батыл және төзімді, айналасын нұрға бөлейтін күшке ие жаратылыс.
Елеулі мәселелерді екі жылда еңсерген аудан
Пятница, 03 Март 2023 04:31Абай ауданының аумағына 2014 жылы 10 елді мекен қосылды. Салдарынан шаһардағы төрт аудан ішінде аумағы үлкен Абай ауданына қосылған елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі қордалана берді. Тұрғындардың талап-тілегі Шымкенттің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары мен қала әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кездесуінен кейін кезең-кезеңімен шешіле бастады. Соңғы екі жылда ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары бұрын-соңды болмаған қарқынмен іске асты. Абай ауданының тыныс-тіршілігі мен 2022 жылы атқарылған жұмыстар жайлы аудан әкімі Бұхарбай Парманов тілшімізге егжей-тегжейлі баяндап берді.