Шымкентте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастырумен қонақ үй бизнесі әкімшілеріне арналған оқыту семинары басталды. Семинарда мейманхана индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар үйретілмек.

Seminar

«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Қаратау ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары аулаларды қоқыстан тазалауға, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына қатысты.

Dau10

«Таза өлке» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық шарасы Әл-Фараби ауданында орналасқан «Шымқала» тарихи-мәдени кешені аумағында жалғасты. Мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері, тарихшы, этнографтар тарихи-мәдени кешеннің аумағы, оның айналасындағы көшелер мен өткелдер, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, түптерін әктеу, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, шамдарды тазалау жұмыстарына қатысты.

Mad20

«Тазалық өзімізден, қоршаған ортаға деген көзқарасымыздан, тұратын, жұмыс істейтін, білім алатын жерден басталады. Ал, оның барлығы өскелең ұрпақтың бойына отбасындағы тәрбиемен келетін қасиет. Асанбай Асқаров атындағы дендробақта бүгін Абай ауданының тұрғындары, жастары жиналып, көктемгі шаруаларға атсалысып жатқаны қуантады. Игі іс әрдайым жалғасын тауып, қаламыз көркейе түссін!». Абай ауданына қарасты Қызылжар шағынауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бастархан Байжанов қария жастарға осылай деп батасын берді.

Ta14

ШЫМКЕНТ: ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

Пятница, 12 Апрель 2024 11:13

#TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы мегаполистің ірі магистральді көшелері – Республика, Тәуке хан, Б.Момышұлы даңғылдарында, А.Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында да жалғасты. Әл-Фараби және Тұран аудандарына қарасты аумақта өткен жұмысқа екі ауданның тұрғындары, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры И.Вербицкий мен қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары қатысты.

has

Шымкент – жасыл желегімен, саябақтары мен ондағы ағаштардың алуан түрлілігімен ерекшелетін қала. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында мегаполистегі саябақ, гүлзарларда да көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай саябақтардың бірі – Еңбекші ауданында орналасқан «Қазақстан-Түркия достастығы» саябағы.

Enbe10000

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында да жалғасып жатыр. Тұрандықтар #TazaShym тазалық шарасын қаланың «күре тамыры» – А-2 айналма жолының бойынан бастады.

Turan-1

abai-ardagerler

Елімізде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 8 сәуірден «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Бес аптаға созылатын экологиялық науқанның алғашқы аптасы – «Таза өлке» апталығы. Апталық шеңберінде қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына атсалысып жатыр.

Таңсәріде ең алғашқылардың бірі болып Абай ауданының тұрғындары жұмысты бастап жіберді. Тазалық жұмысы «Асар» шағынауданындағы «Ардагерлер аллеясынан» басталды. Науқанға «Шымсити», «Тұран», «Асар» және өзге де іргелес шағынаудандардың тұрғындары қатысып, аулаларды, жер асты және жол үсті жүргіншілер жолдарын, аялдамаларды, сонымен бірге Бәйдібек би даңғылы мен А2 тас жолы бойын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізбек.

– Бүгінгі жұмысқа Абай ауданына қарасты шағын аудандардың 300-ге жуық тұрғыны қатысып отыр. Сонымен қатар, 20 техника жұмылдырылды. Тұрғындар қоқыс жинап ғана қоймай, шөп ору, талдарды әктеу және сыры кеткен аялдамаларды бояп, жуып-талайтын боламыз. Тазалық акциясына аудан жастарымен қатар, егде жастағы қарияларымыз да келіп, ұрпақтар сабақтастығын насихатталып отыр, - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпықалалық тазалық шарасы өтуде. Онда қаланың барлық аудандары мен елді-мекен аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіледі.

«Шымкент келбеті»

Страница 10 из 804