Наразылық хат – тұтынушы құқығын қорғаудың маңызды құралы. Ол –тұтынушының наразылық білдіруіне, тауар немесе қызмет белгіленген сапа стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда сатушыға немесе орындаушыға талап қоюға мүмкіндік беретін құжат.
Неліктен наразылық хатын жазу керек? Ол:
•сатушыға/орындаушыға жүгінудің дәлелі;
•талаптардың мәлімдемесі (екі тарап та кім кімнен не талап еткенін дәлелдей алады);
•сатушының/орындаушының кемшіліктер мен жетіспеушіліктер туралы және тұтынушының не қалайтынын білетіндігінің кепілі.
Наразылық хат дау туындаған жағдайда, сатушыға немесе орындаушыға жүгінудің дәлелі ретінде де қызмет етеді. Бұл тұтынушыға өз талаптарын жариялауға және сатушының немесе орындаушының мәселе туралы хабардар екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша, наразылық хатын жазу тұтынушылардың құқығын қорғау процесінде маңызды қадам болып табылады. Бұл тұтынушыларға кемшіліктерді түзетуді, ақшаны қайтаруды немесе тауарды айырбастауды талап етуге, сондай-ақ дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Д.СЕЙТАЕВ,
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің бас маманы