Автодромда алдын ала емтихан тапсыруға болады

Пятница, 21 Май 2021 03:51 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3323 раз

Шымкенттіктер жүргізуші куәлік алу емтиханынан өтпес бұрын мамандандырылған ХҚО-да алдын ала жол қозғалысының теориясы бойынша білімін сынап көре алады. Жыл басынан бері мыңнан астам шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Оның екеуі автоматтандырылған автодроммен жабдықталған. Алдын ала білімін тексеру үшін болашақ жүргізушілер екі автодромда тестілеу сынағынан өте алады. Қызмет түрі ақылы.

 

avtodrom

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, әр үміткер емтихан тапсырар алдында өз білімін автоХҚО-да ақылы түрде тексере алады. Бұл мүмкіндік үміткерге емтиханнан сүрінбей өтуіне ықпал етеді. Мысалы, үміткер куәлік алу үшін теориялық және практикалық емтихан тапсырады, оған 3 мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек алты айдан кейін тапсырады. Ал алдын ала тестілеуде қай сұрақтарға дайындалу қажет екенін, өзінің осал тұстарын түсініп, кейін дайындалып келуге болады.

Айта кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан барысында 40 сұрақ беріледі, ал автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтиханнан өту керек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.