ІЗДЕНІСІ ЖОҚ ОҚЫТУШЫ Избранное

Пятница, 03 Май 2024 06:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 516 раз

заман талабына сай маман даярлай алмайды

Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Ағылшын тілі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданып, еңбек нарығында сұранысқа ие және заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті, ұтқыр және белсенді тұлғаларды қалыптастыруға үлес қосуда. Кафедраның жоғары курс студенттеріне алған теориялық және практикалық білімдерін ғылыми ізденістермен ұштастыруға, халықаралық ғылыми тағлымдамалардан өтуге үлкен жағдайлар жасалған.

Ozbek

 


Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер алыс және жақын шетелдерде өз білімдерін шыңдауда. Студенттерді практикалық даярлауға, соның ішінде мектептердегі тағлымдамадан өтуге және ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға ерекше назар аударылады.
Ұдайы өзгеріп жатқан білім әлемінде ұстаздардың келешек ұрпағын даярлау кезек күттірмейтін басты міндеттердің бірі болып табылады. Білім берудегі инновациялардың басы-қасында тұрған педагогикалық университет болашақ мұғалімдерге заманауи мектептерде жұмыс істеуге қажетті білім мен дағдыларды беріп қана қоймай, оларды білім саласындағы өзгерістердің көшбасшысы болуға шабыттандырады. Кафедра оқытушылары бүгінгі таңда негізгі талаптардың бірі – нновациялық коммуникативтік, әдістемелік және ақпараттық міндеттерді шешу, сондай-ақ оларды студенттермен бірлесіп жүзеге асыру үшін жаңа модельдер жасау. Сонда ғана оқытушы білім стандарттарын меңгерудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалай алады және білім берудің шынайы сапасына қол жеткізе алады.
Қарқынды дамып келе жатқан заманда білім беру жүйесі де үздіксіз даму үстінде. Өзгерістер өте тез болатын ақпараттық қоғамда заманауи оқушының сұранысына сай оқытудың тиімді әдістерін табу маңызды. Жасанды интеллектіні мұғалімнің рөлімен үйлестіре пайдалану ең қызықты және перспективалы тәсілдердің біріне айналуда. Болашақ білім адамның интеллектісін жасанды интеллектінің қуатты мүмкіндіктерімен үйлестіруден тұрады. Ендеше Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың «Ағылшын тілі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы сандық технология заманының ұстазын заман талаптарына сай даярлауда тек білім беріп қана қоймай, олардың бойында оқу үдерісіне қажетті технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға белсенді түрде ұмтылады.
Өзгеріс пен дамуға бейімделе алмаған оқытушы қазіргі заман талабына сай маман даярлай алмайды. Сондықтан кәсіби құзіреттілікке ие болу, озық технологияларды меңгеру және оны теория жүзінде ғана емес, тәжірибеде қолдану маңызды.
Студенттердің жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау және дамыту, сонымен қатар оқу үдерісін олардың қажеттіліктеріне сәйкес бейімдеу және заманауи технологияларды меңгеру дағдыларын қалыптастыру үшін кафедра оқытушылары жобалық жұмыстарды белсенді түрде жүргізіп, студенттерді ғылыми зерттеулерге баулуда.
Бұл тәсіл студенттердің жеке тәжірибесін байытып қана қоймай, педагогикалық ғылым мен практиканың дамуына зор үлес қосады. Студенттердің ақпаратты талдау, идеяларды сыни тұрғыдан бағалау қабілетін дамыту бойынша олимпиада жұмыстары мен шығармашылық жұмыстарды жасауда жол көрсетіп отырады. Бұл қасиеттер мен дағдылар оқытудағы шығармашылықты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар студенттердің ізденімпаздығын, білімге деген құштарлығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Әрбір талапкер үшін дұрыс таңдалған мамандық – болашақтың жарқын кепілі. Мамандық таңдау адам баласының ең маңызды шешімдердің 6ipi. Сұранысқа ие маман иeci атану – заман талабы. 2024 жылы Қазақстанда мұғалім мамандығы өзекті және сұранысқа ие мамандық болып қала бермек. Nur.kz порталында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде инженер, IT маманы, веб-дизайнер мамандықтарымен қатар мұғалім мамандығы да сұранысқа ие мамандықтар қатарында қалып отыр. Осылайша, Қазақстанда мұғалім мамандығы қоғамда маңызды рөл атқарып қана қоймай, сонымен қатар мансаптық өсу үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар мен еңбек үшін лайықты сыйақы ұсынатындығын көрсетеді.
Қорыта айтканда, біздің кафедрада колданылатын оқытудың түрлі инновациялық формалары білім алушылардың танымдық қызығушылақтарын арттыруға, олардың тұлғалық құзыреттілігін дамытуға және бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруға ықпалын тигізіп келеді.

Т.АЙНАБЕКОВА,
филология ғылымдарының кандидаты,
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценті

М.ДҮЙСЕНОВА,
PhD, постдокторант 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.