ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУҒА ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Понедельник, 21 Февраль 2022 12:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3016 раз

elektrondy ukimet 1

Цифрлық сауаттылықты арттыруды жандандыру аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы және Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші аудандық әкімшіліктерімен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес Шымкент қаласының тұрғындарына арналған Egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы, Egov мобайл және Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу жолдары бойынша оқыту жұмыстары кеңінен ұйымдастырылуда.

elektrondy ukimet 2

Басты мақсат - халықтың цифрлы сауаттылығын арттырып, өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алуға үйрету және цифрлық дағдыларды кеңінен насихаттау.
Аталған іс-шара бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін өткізілетін болады.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері: 53-74-59.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.