Отырыста 5 аудан әкімі осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінде әр ауданда дала өрттері туындаған жағдайда күш пен құралдарды жұмылдыру және тұрғындарды хабардар ету сызбасы дайындалып, алдын алу және жою бойынша мобильдік топ құрылған. Жауаптылар тілсіз жауды болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Казгидрометтің болжамына сәйкес, алдағы жазда аптап ыстық күтілуде. Осыған байланысты бұл мәселе төтенше жағдайлар департаменті мен төтенше жағдайдың алдын алу және жою комиссиясында қаралып, кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жалпы қала аумағында «Жасыл белдеу» және «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жер көлемі 4826 га, оның ішінде орманды алқабы 2999 га, ормансыз алқап 1827 га құрайды.
Қала басшысы жауаптыларға өрт қауіпсіздігінің алдын алу және жою жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі